Добро пожаловать в Центр исследований прикладной экономики! Центр входит в ТОП-10 рейтинга RAEX («Эксперт-РА Казахстан») крупнейших казахстанских консалтинговых компаний. Мы предоставляем услуги по стратегическим и экономическим исследованиям, нормированию ресурсов, совершенствованию бизнес-процессов, оценке бизнеса, социологическим исследованиям.
Рус Eng info@cipe.kz +7 (7172) 97-20-36

В области финансового консалтинга Центр оказывает следующие услуги:

Бюджетирование и управленческий учет
Анализ эффективности финансово-хозяйственной деятельности
Оценка стоимости активов и бизнеса
Разработка бизнес-планов, финансово-экономических обоснований, технико-экономических обоснований
Финансы

В области нормирования ресурсов Центр оказывает следующие услуги:

Разработка норм времени
Определение нормативов и норм численности работников
Разработка норм выработки на одного работника
Определение норм обслуживания на одного работника
Разработка норм по видам производственных расходов
Разработка норм по видам непроизводственных расходов
Нормирование ресурсов

В области оплаты труда Центр оказывает следующие услуги:

Разработка положения по оплате труда для работников производственного персонала
Расчет сметных расценок и тарифов должностных окладов
Разработка положения по оплате труда для работников административно-управленческого персонала
Разработка системы оплаты труда для предприятий субъектов естественных монополий
Разработка системы материальной мотивации и стимулирования
Разработка KPI для всех уровней управления
Разработка квалификационного справочника специальностей и должностей
Оплата труда

По совершенствованию бизнес-процессов Центр оказывает следующие услуги:

Разработка карты бизнес-процессов и расчет их стоимости
Разработка и внедрение раздельного учета по товарам, услугам, работам
Внедрение процессного подхода управления предприятием (ABC, ABB, ABM)
Совершенствование бизнес-процессов

По социологическим исследованиям Центром оказываются следующие услуги:

социальное самочувствие населения;
отношение к различным аспектам общественного развития;
оценка и удовлетворенность качеством государственных услуг;
вопросы трудовой занятости;
развитие малого и среднего бизнеса;
социокультурные исследования;
специальные тематические исследования
Социологические исследования

В области стратегического консалтинга Центр оказывает следующие услуги:

- Разработка проектов законов по отраслям и сферам экономики
- Разработка стратегических документов в масштабах страны, отрасли, региона
- Разработка стратегических документов, планов развития для предприятий
- Проведение аналитических исследований по актуальной проблематике
- Проведение оценки деятельности государственных органов всех уровней управления
- Разработка экономической платформы для политических партий
Стратегия

Ана тіліміздің алтын қазынасын терең танысақ тағлымды болар еді

Кез-келген халықтың ғасырлар бойы қордаланған мәдениетінің асқар шыңы сол халықтың тілі екені баршамызға түсінікті. Сондықтан да еліміздің көзі ашық, көңілі ояу бар  азаматы  ана тілімізді теңдесі жоқ ұлтымыздың алтын қазынасы деп бағалап, қастерлеп, сол қазынаның болашақ ұрпақ сусындайтын рухани  бұлағының сарқылмас көзіне айналуын армандайды. Кеңес дәуірі кезінде сырттан келген өктем күштің салдарынан ауқымы тарылып, болашағы бұлыңғыр бола бастаған ана тіліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекет қамқорлығына алынып, бүгінде күн санап өрісін кеңейтіп келеді. Соның арқасында ана тіліміз жойылу үдерісінен түбегейлі ажырап, егемен қазақ елінің тұғырлы мемлекеттік тілі болып  қалыптасуда. Тұғырлы мемлекеттік тіл болып қалыптасу жан-жақты пысықталған жүйелі шараларды өз кезегімен асықпай іске асыру нәтижесінде қол жеткізуге болатын ұзақ мерзімге арналған міндет. Себебі, ол үшін ана тіліміздің жетілу деңгейі бүгінгі қоғамның барлық әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани, ғылыми-техникалық  сұраныстарынан туындайтын функцияларын толық қанағаттандыратындай жағдайға жетуі тиіс. Осы бағытта елімізде атқарылып жатқан үлкен шаралар бар, бірақ соған қарамастан әлі де атқарылатын, қосымша пысықтауды қажет ететін міндеттер де аз емес.  

Жер бетіндегі барша халықтың тілі – заманның ағымына, адам тіршілігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы салдарынан әр түрлі  өзгерістерге ұшырап отыратыны табиғи құбылыс. Соңғы кезеңде етек жайған жаһандану және интеграциялық процестердің салдарынан көп халықтың тілі жоғалып, саны аз халықтардың тілдеріне жоғалу қаупі төніп, ал дамыған тілдер өз өрісін қарқынды дамытып жатқаны белгілі жайт. Соның бір айғағы ретінде мынадай фактіні келтіруге болады. Мысалы, қазіргі кезеңде жер бетінде қолданыста жүрген жеті мыңға жуық тіл бола тұрып,  дүние жүзі халықтарының 70 пайыздан астамы бар-жоғы 40 шақты дамыған халық тілінде сөйлейді екен. Демек, осы аталған  үрдістердің ауқымы кеңейген сайын жер бетінде өмір сүріп жатқан көп халық өкілдерінің басқа дамыған тілдерге деген қызығушылығы артып, өз тіліне деген сұранысы азаятыны, соның салдарынан олардың ана тіліне жоғалу қатері төнетіні ақиқат. Ағымдағы үрдістерге баға беріп отырған ғалымдардың болжауы бойынша осы ғасырдың ортасына таман қазіргі қолданыста жүрген тілдердің жартысына жуығының қолдану аясы тарылып, бірте-бірте жоғалуы мүмкін. Бұл – көп халықты алаңдатып отырған күрделі проблема.  

Осы жағдайларды ой елегінен өткізсек, бірнеше сұрақ туындайды. Біріншіден,  аз халықтар тілдерінің пайдалану арнасының жыл сайын тарылып, құрдым жағдайға келуінің негізгі себебі қандай және осы проблеманы біз түбегейлі зерттеп, тиісті нәтиже шығардық па? Екіншіден, біздің ана тіліміздің даму бағыты мен қарқыны ғылыми-техникалық прогресс пен глобализациялық процестерден туындайтын қоғамның бүгінгі қатаң талаптарына сәйкес келе ме? Үшіншіден, тіліміздің бүгінгі ата заңымызда жазылған мәртебесі мен өрісін кеңге салып келе жатқан даму қарқыны    оның болшағының жарқын болатынына кепіл бола ала ма? Төртіншіден, бүкіл дүние жүзі бүгінде батыстық өркениеттің ықпалында екені белгілі, демек, осы жағдайда біз тіліміздің тазалығын сақтау мақсатында оны интеграциялық үрдістерден дараландыруға тырысқанымыз жөн бе? Бесінші, біз ана тілімізді қалай және қай бағытта дамытқанымыз жөн?

Аталған сұрақтардың туындап, көптеген ұлтжанды азаматтарды елеңдетіп отырған себебі – ол тіліміздің даму барысында орын алып отырған соңғы кезеңдегі кейбір орнықсыз жағдайлар. Солардың кейбірін атап өтейін.

Біріншіден, егемендік алған алғашқы кезеңнен бастап тілімізді жандандырамыз деген ниетпен соңғы кезге дейін айналымда кең пайдаланып жүрген, бүкіл халыққа түсінікті, ағылшын не батыстың дамыған тілдерінен енген сөздердің орнына  ұмыт болған, ешкімге түсініксіз, ерте заманда парсы не араб тілінен енген сөздермен жаппай алмастыру басталды. Оған мысал ретінде халықтың санасына зорлап енгізуге тырысып жатқан «сынып», «рәміз», «рәсім», «мүшайра» және  т.б. сөздерін келтіруге болады. Сонымен қатар, парсы тілінен еніп, мыңдаған жылдар бойы айналымда жүрген сөздердің  этимологиясын түсінбеудің салдарынан соңғы кезде кейбір орнықты сөздердің мағынасын өзгерту үрдісі басталды. Мысалы, парсы тілінде «қалампыр» деп «ащы қызыл бұрышты» атайды. Жалпы бұрыш деген сөз де парсы тілінен енген сөз (парсы тілінде мурч).  Бұл ерте заманда енген сөз болғандықтан бүкіл түрік тілдес халықтар ащы қызыл бұрышты қалампыр (каламфур) деп атайды және біз де солай атап, өлеңге қосып, әндетіп айтып жүрдік. Ал енді соңғы кезде сауатсыз аудармашылардың кесірінен «қалампыр» деп «гвоздика» гүлін атай бастапты. Бұл тіліміздің тарихына балта шауып, қорлағанмен тең жағдай емес пе?

Халықтың мәдениеті мен тілі жеке дара дамымайтыны белгілі. Қилы заманнан бері  көршіліс халықтар бір-бірімен араласып, сауда-саттық жасап, үйлесімді тіршілік атқарғанының арқасында бір халықтың мәдениеті мен тілі екінші елдің мәдениетіне үлкен ықпал жасайтыны тарихтан белгілі жағдай. Осы тұрғыдан келгенде біздің тіліміздің дамуына парсы тілінің қосқан ролі ерекше, өйткені біз үш мың жылға жуық мерзімде  осы халықтың озық мәдениетінің ықпалында болдық. Соның салдарынан біздің тілімізде айналымда жүрген сөздердің 40 пайызға жуығы осы парсы тілінен енген сөздердің еншісіне тиесілі екені, ал ғылыми категориялар, түсініктер, атаулардың басым көпшілігі парсы тілінен еніп, бүгінгі күні ана тіліміздің төлтума бөлігін құрап отырғаны баршаға аян. Соның айғағы ретінде бүгінде кең қолданыста жүрген, түбі парсы тілінен енген жеміс-жидектер (алма, анар, алша, алхор т.б.), көкөністер (дарбыз, бадыран, пияз, баклажан, сәбіз, калампыр, райхан т.б.), жануарлар (піл, зіл (мамонт), арыстан (немесе арслан, аслан), ат, маймыл т.б.), апта (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі т.б.) атауларын келтіруге болады.  Енді қазір аталған терминдерсіз ана тілімізді елестету мүмкін емес.

Заман өзгерді. Дүние жүзілік аренаға ХV ғасырдан бастау алған индустриалану үрдісінің пионері болған Ұлы Британия үзіліп алға шығып,  өз мәдениеті мен ғылыми-техникалық жетістіктерінің құдіретін әлемге мойындатты. Соның арқасында ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының ортақ коммуникация жасайтын құралына айналып, жаңа дәуірдің ғылыми-техникалық категорияларын қалыптастыратын басты тілі болып отыр.   Бұл –заманның талабынан туындаған объективті заңдылық. Олай болса, біз қазіргі глобализациялық, интеграциялық процестер мейлінше дамып, егеменді еліміз дүние жүзі қауымдастығының толыққанды мүшесі болып танылып отырған заманда жаңа ғылыми-техникалық түсініктер мен категорияларды парсы, араб тілдерінен іздегеніміз жөн бе, әлде өркениетті халықтар секілді   ағылшын тілінен енген категориялардың пайдалану өрісін мейлінше кеңейткеніміз дұрыс бола ма?  Егер дүние жүзі халқын жарқын болашаққа бағыттайтын даңғыл жолдың сыртында қалғымыз келмесе, онда бізге де осы даңғыл жолға түсудің  мүмкіндіктерін қарастыру керек секілді. 

Екіншіден, ұзақ мерзім қолданыста жүрген сөздердің төркінін түсінбеудің салдарынан түрік тілінен орыс тіліне енген сөздерге қазақ тілінде жасанды балама сөз табу сәнге айналып барады. Бұл – біздің қолына қалам ұстаған кейбір азаматтардың ой-өрісі мен білімінің таяздығынан туындап отырған жасанды проблема. Шынында да бұл біздің ана тіліміздің  заманның ағымына сай дамуын тежеп, тоқырауға ұрындыратыны сөзсіз. Осы тұрғыда бір-екі мысал келтіре кеткен жөн болар. Мысалы, «баклажан», «кабачок», «курага» деген сөздер  орыс тіліне түрік тілінен енген. Осы сөздердің орыс тіліндегі этимологиясына қарасаңыздар, онда орыс ғалымдарының дәл осындай тұжырым жасағанын байқайсыз. Соған қарамастан егемендік алған жылдары осы заттардың бірнеше рет  қазақ тіліндегі жасанды балама атаулары пайда болды. Оларды мемтерминком бекітіп, сөздіктер мен оқулықтарға енгізіп, зорлап халықтың санасына сіңіруге тырысып бағуда. Ал,  енді соңғы кезде айналымға еніп жатқан  жасанды атауларға зейін салып қарайтын болсақ, олардың   кейбірін айтудың өзі ұят. Бұл – тілді қорлап, халықтың намысын таптағанмен бірдей жағдай. 

Үшіншіден, біздің тілімізде ұзақ мерзім айналымда жүрген сөздердің шығу тегін  түсінбеудің салдарынан, орыстың сөзінен қашу керек деген ниетпен халықаралық терминдердің орнына жасанды балама табу үрдісі пайда болды.  Соның салдарынан помидор-қызанақ, витамин-дәрумен, жираф-керік, крокодил-қолтырауын, гиппопотам-су сиыр, рояль, пианино, синтезатор-күйсандық, миграция-көшіп-қону, урбанизация-қалалану, диверсификация-әртараптану, риск-тәуекел, коллекция-топтама секілді ешкімге түсініксіз, категория болуға еш ғылыми негізі жоқ сөздер көбейіп кетті. Бұл өркениетті елдерде ұзақ жылдардан бері қалыптасқан ғылыми категориялар мен терминдерді асқан ұқыптылықпен іріктеп алудың ғылыми   тәжірибесіне қарсы келетін ағым және бұл өте қауіпті. Осындай өрескіл әрекеттердің салдарынан қазақ тілі басқа ұлт өкілдері емес, ана тілін еркін меңгерген азаматтарға да түсініксіз тілге айналып, өзінің нақтылығынан айырыла бастады.

Ал, соңғы кезеңде әлемде қалыптасқан жағдайға назар салсақ, онда терминдер мен ғылыми категорияларды қалыптастырудың ортақ тәртібі орныққанын байқаймыз. Ертеде парсы, латын тілдері ғылыми категориялармен жабдықтайтын тіл болса, қазіргі заманда жаңа терминдердің қайнар көзі ағылшын тілі болып отыр. Сосын, жануарлар, өсімдіктер, музыкалық аспаптар немесе басқа заттар тек ерекше бір елде ғана кездесетін болса, онда сол жергілікті тілдегі атауларды өркениетті елдің ғалымдары бұлжытпай алып, өз тіліне бейімдеп, айналысқа енгізеді. Соның арқасында ол халықтың тілі жаңа терминдермен толығып, ұдайы дамып отырады. Мысалы, халқымыздың еншісіне біткен музыкалық аспап  домбыраны еш елде  «күй таяқ» деп атаған емес, атамайды да. Ол бар халықтың тілінде өзінің домбыра деген мәртебелі атағын иеленіп отыр. Олай болса, біз неге пианиноны, роялді күйсандық деп атауымыз керек. Сол секілді біздің кең байтақ елімізде ғана жиі кездесетін қарсақ атты шағын жыртқыш аң өз атауын жоғалтпай, барша дамыған тілдерге сол қалпында  еніп отыр. Олай болса біз неге гиппопотамды су сиыр деп атауымыз керек және оған қандай ғылыми негіз бар?  Егер гиппопотамды су сиыр деп атасақ, онда сөзсіз осы жануар мен  біздің күнде көріп жүрген сиырымыздың арасында генетикалық жақындық бар деген сенім пайда болады. Ал, ғылыми зерттеулер гиппопотамның мұхитта өмір сүретін китпен туыстас екенін дәлелдеп отыр. Сол секілді еңбектеген сәбиден бастап барша халық жираф деп атайтын жануарды керік деп атаудың не қажеті бар?! Біздің ана тілімізде ұзақ жолға жарамды, қайратты, шоқтығы биік жылқының тұқымын керік деп атайды. Демек, осы атауға сүйенсек, онда біз жирафты жылқының бір түрі деп қабылдауымыз керек болады, бірақ ол аш тұяқты, шағын мүйізі бар жануар ғой. Сонда қалай болғаны? Ал, витаминді бүкіл дүние жүзі дәл солай атайды. Жалпы, бүкіл дүниедегі халықтың реңдері әр түрлі болғанымен барлық адамдардың жаратылыстары бірдей, ауыратын сырқаттары да ұқсас, сондықтан қазіргі медицинада  аурулардың аттары мен соларға қарсы пайдаланатын дәрілердің атаулары бүкіл әлемде негізінен біркелкі стандартқа келтіріліп, барлық жерде бірдей аталады. Сондықтан бүкіл дүние жүзінде анальгин, аспирин, пенталгин, витамин секілді атаулар еш өзгеріссіз пайдаланылады. Ал, біз витаминді дәрумен деп атауға тырысып жатырмыз. Бұл сөздің түбірі дәрі ма, әлде дәру ма? Біздің тілімізде дәру деген сөз жоқ екенін ескерсек, онда бұл сөздің түбірі дәрі болу керек. Онда витамин мен дәрілердің айырмашылығы жоқ деген ұғым пайда болуы мүмкін ғой. Демек, біз осы жаңа атауға сүйене отырып, дәрі мен витаминнің арасында үлкен айырмашылық жоқ деген пікірге келсек, онда бұл барып тұрған надандық болары сөзсіз. Бұдан жобалап аударған атаулардың бәрімізді шатастырып, өскелең ұрпақты ақымақ қылып, ана тіліміздің дамуын тығырыққа тірері анық екенін сезу қиын емес.

Төртіншіден, біз әсерлеп, жобалап сөйлегенді ұнататын халықпыз, бірақ мына ғылым мен техниканың дамыған заманында санамызға орныға бастаған ғылыми категорияларды орнымен, ұқыпты пайдалануды жолға қойғанымыз жөн. Сонда ғана біз ана тілімізді заманның қатаң талаптарына бейімдейміз.  Өкінішке орай, бұл тұрғыда бізде кемшілік көп. Соған бір ғана мысал келтірейін. Біз физика, астрономия пәндеріне ғалам деген сөзді ғылыми категория ретінде енгізіп, жастардың осы категорияны орнымен пайдалануын   талап етудеміз. Ал, журналистер мен кейбір тіл мамандары «интернет» деген сөзді «ғаламтор» деп аударғанды ұнатады. Бұл – әрине, орыстың «всемирная паутина» деген балама сөзіне еліктеуден туындаған нәтиже. Орыс тілінде қалыптасқан қатаң талапқа сай әр түсінік орнымен пайдаланылады. Бұл жердегі «вес мир» деген бүкіл жер шары деген ұғымды білдіреді. Бұл орнықты шешім, өйткені шынында интернет бүкіл жер шарын торлап алды десе болады.

Ал, біздегі жағдай қалай, соған тоқталайық. Біз орыс тілінен «вселенная» деген ғылыми категорияны ана тілімізге  ғалам деп аударып, бар оқулықтарға енгіздік және дұрыс жасадық. Енді осы категорияны бар қазақтың ұқыпты пайдаланғаны жөн. Қазіргі жағдай сын көтермейді, өйткені біз бұл категорияның мәнісін түсінбей, кез-келген жерге орынсыз пайдалануды әдетке айландырдық. Ғалам – шексіз дүние, өйткені ол жүз миллиондаған галактикадан тұрады. Солардың ішінде біз өмір сүріп жатқан   галактика да бар. Біздің галактикамыз да шексіз кең, өйткені оның бір шетінен екінші шетіне дейін жарық сәулесі миллион жылдан астам уақыт жүреді. Осы галактиканың бір шетінде біздің күн жүйесі орналасқан. Оның төңірегінде сегіз планета бар (бұрынырақ тоғыз деп келгенбіз), соның бірі біз өмір сүріп жатқан жұмыр жер. Интернет бүгінде тек жұмыр жерді торлап отыр, бірақ ол  күн жүйесін, галактиканы немесе ғаламды торлап алуы мүмкін емес және оның адамзатқа қажеті де жоқ. Ендеше біз интернетті ғаламтор деп атап, барша халықты шатастырғанымыз  жөн бе?

Қазіргі кезеңде тіл проблемасы туралы әр түрлі пікірлердің айтылып та, жазылып та жүргені рас, себебі қазақ тілі мемлекеттік тұғырлы тіл статусына ие бола тұрып, қосымша тіл қалпынан шыға алмай отырғаны көпшіліктің намысына тиюде. Егер біз ендігі кезекте жоғарыда аталған проблемаларды жан-жақты талқылап, ана тіліміздің дамуын дұрыс жолға қоймасақ, онда қазақ тілі бүгінгі бишара күйінен шыға алмайды. Ақселеу Сейдімбектің сөзімен айтқанда, «Ой орнықты, тұжырым тегеурінді болу үшін қолданылатын «құралдарды», терминдерді саралап алмай болмайды ... терминдердің ұғымдық деңгейлерін, қолдану аясын және  өзара категориялық-ұғымдық шендесу мәселесін анықтап алған жөн» (А.С. 2 том. 52 бет).

Демек, ана тілімізді аман сақтап, статусын көтергіміз келетін болса, онда тілімізді дамытудың ғылыми тұрғыдан негізделген  басымдықтарын айқындайтын жаңа тұжырымдама қабылдап, соны жүйелі түрде іске асыруға толық жағдай жасау керек секілді.  Осы тұрғыда бір-екі ұсыныс айта кетуді жөн көріп отырмын.

Біріншіден, бүкіл дүние жүзіне белгілі саясат пен экономика, ғылым мен техника саласында айналымда жүрген  халықаралық терминдерді сол қалпында өзгертпей, ана тілімізге бейімдеп, кең көлемде пайдалануға жол ашу керек. Ол үшін, қажет болған жағдайда, шет тілдерден енетін ғылыми категориялар мен терминдерді өзіміздің ана тілімізге бейімдеудің ғылыми негізделген тәртібін бекіту керек. Сосын, аударма жасағанда немесе ғылыми еңбектер жазғанда осы тәртіпке сүйене отырып, жаңа категориялар мен терминдердің дұрыс қазақ тіліне бейімделгенін бақылап отыру керек. Мысалы, қазір орыс тіліндегі ғылыми-техникалық категориялардың 99 пайызы ағылшын тілінен еніп жатыр десек қателеспейміз. Оған еш тосқауыл жоқ, керісінше ағылшын тілінде жаңа термин пайда болса, онда ол  сол күні орыс тіліне бейімделіп, ертесіне айналымға еніп жатады. Бұл күнде болып жатқан жағдай, өйткені ағылшын тіліндегі терминдерді орыс тілінде айналымға енгізудің тәртібі қалыптасқан. Соның салдарынан corruption – коррупция, рrivatization - приватизация, transmission – трансмиссия, bolt – болт, motor – мотор секілді болып аударыла береді. Біз, өкінішке орай, осындай тәртіпті қалыптастырудың орнына, жасанды балама сөздер іздеп әлек болудамыз. Бұл талқылауды да қажет етпейтін, кезек те күттірмейтін күн тәртібінде тұрған мәселе, себебі оны шешпей, қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр болып қала береді.

Екіншіден, ана тілімізде айналымда жүрген көптеген категориялар мен түсініктердің нақтылығы мен дәлдігін арттыруға бағытталған қомақты шаруалар атқарылуы тиіс, себебі біздің тіліміздегі көп сөздер ойды, пікірді жобалап жеткізуге негізделген. Ол үшін қосақталып айтылатын ағыл-тегіл, темір-терсек, келін-кепшік, бала-шаға, қатын-қалаш секілді сөздердің қолданатын аясын шектеу қажет. Содан соң, тіліміз бай, бір сөздің  қазақ тілінде он баламасы бар деп мақтанғаннан гөрі, бүгінгі технократтық заманның талабына бейімдеп, жаппай пайдаланатын үш-төрт мың сөзден   тұратын, стандартталған түсініктер мен категориялар жинағын дайындау қажет. Сосын, оларды интернет не басқа да ақпаратттық құралдар арқылы жаппай халыққа  жеткізу керек. Орайы келіп тұрғанда  айта кететін мәселенің бірі – ол Word-та осы уақытқа дейін дұрыс ана тіліміздегі текст редакторының болмауы. Бұл да тілдің дамуына кесірін тигізіп отырған техникалық проблема. Егер аталған мәселелер шешілетін болса, онда орыс тілінен төте аударған, ал біздің тілімізге жат «өзіңнен ары», «өзіңе қарай» деген сөздердің орнына баршаға таныс әрі нақтылығы жоғары  «итер», «тарт» деген сөздер айналымға енуі мүмкін.   

Үшіншіден, ғасырлар бойғы көшпелі өмір тіршілігінің арқасында табиғатқа етене жақын болғанымызды дәлелдейтін, болмысы мен құрылымы біздің өзімізге ғана тән мәдени-рухани мұраларымыз бар. Біздің төлтума қасиетімізді даралай түсетін осындай рухани байлығымыздың бірі – ол біздің тіліміздегі жануарлардың ерекше атаулары. Ежелден қалыптасқан дәстүрге сай қазақ тілінде кез келген жануардың аталығының, аналығының, төлдерінің қайталанбас атаулары бар екенін білсек те, оларды жастардың санасына сіңетіндей етіп жеткізе алмай отырмыз. Бұл – өкінішті жағдай. Соның салдарынан қазіргі кезде кей азаматтар күнде естіп жүрген сөздерінің мағынасын түсінуден қалып барады. Мысалы, аюдың аталығының мақат, еліктің төлінің еңлік,  ақбөкеннің төлінің кұралай, қабыланның төлі алан, дегелектің аист, ителгінің балобан, қызғыштың құс екенін білетін жастар азайды. Сондықтан ұмыт болған не жасанды сөздерді айналымға енгізуге тырысқаннан гөрі ана тіліміздің алтын қазыналарын  жастардың санасына орнықты болатындай етіп, қайта ұсынуға талпыну қажет. Бұл да күн тәртібінде тұрған мәселе.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп қадап айтты. Соңғы кезде елімізде рухани жаңғыруға бағытталған арнайы шаралардың шеңбері нақтыланып, ауқымды жұмыстар басталып кетті. Соның өзектілерінің бірі латын қаріпіне көшу төңірегінде болып жатыр, ал тілімізді модернизация жасау туралы әлі де көтеріліп жатқан проблемалар аз. Меніңше, осы мәселе төңірегінде де әңгіме қозғап, тиісті ұйымдастыру шараларын қолға алатын кез келген секілді. 

Енді, ұйымдастыру шаралары туралы бірер сөз. Тілді тек тілдің мамандары дамыта алмайды. Бұл – бүкіл халық болып көтеретін проблема. Айтқанменен, аталған проблемаларды шешу үшін тіл проблемасын зерттеумен айналысып жүрген Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының жұмысын қайта жандандырған жөн. Бұл институттың бүгінгі жағдайы сын көтермейді. Өйткені, қаржы тапшылығынан білікті кадрларынан айырылып, өлмес тіршілік жасап отыр. Сондықтан да бұл инсттитутқа  бірнеше тілді еркін меңгерген, әр саладан хабары бар ынталы, ізденімпаз жас мамандарды тартып, солардың алаңдамай жұмыс істеуіне толық жағдай жасайтын уақыт келді. Одан бөлек, тіліміздің қосалқы аударма тіл болып қалып отырғанын жоғарыда айттық. Демек, тіліміздің шұбарланып кетуіне үлкен ықпал жасап отырған мамандар  – ол мемлекеттік органдарда жұмыс істеп жүрген аудармашылар. Олардың басым көпшілігі қазақ тілінің мамандары, көпшілігінің басқа шет тілдерден немесе ғылым мен техниканың халықаралық категориялық  ақпараттарынан хабарлары шамалы. Сол себепті халықаралық деңгейде қалыптасқан терминдерге балама іздеп табу көбінде осы аудармашылардың «ынталы» жұмыстарының нәтижесінен орын алып  жатады. Бұдан құтылу үшін  үлкен жүйелі шаруалармен қатар, осы аудармашылардың біліктілігін жетілдіріп отыру қажет.

Аталған өзекті мәселелер  тайға таңба басқандай көзге көрініп тұрған проблемалар, ал оның сыртында тұнып, әлі беті ашылмай жатқан күрделі мәселелер жетерлік. Сол проблемалар кезең-кезеңімен көтеріліп, дұрыс шешімін тауып, ана тіліміздің мәртебесін нығайу үшін мемлекет тарапынан тілімізге деген қамқорлық әлі де еселене түсуі тиіс.

Жақсыбек  Құлекеев

Подпишитесь на нас в фэйсбуке
или расскажите друзьям: